Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жолы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығы сәйкес қызмет көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің жалпы мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
Сырдария аудандық басқармасы бойынша 2020 жылдың 4 айында 11 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, барлығы "Е - лицензиялау" базасы арқылы көрсетеді. Белгілі бір мемлекеттік қызметті жүзеге асыру мемлекеттік органмен нормативтік актілерде көрсетілген мерзімдерде орындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Ғ.Мұратбаев к-сі, 103/2, мекенжайына хабарласа аласыз. Байланыс телефоны: 8724-36-21-4-74, электронды адрес syrdarya.uooz@dsm.gov.kz
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.