Шуақты көктем мен жаңару мерекесінде ұлт болып ұйысудың жарқын үлгісі қалыптасқан. Ұлыстың ұлы күнінде Айдарлы ауылындағы Мұраб Нұртаза баба көшесінің тұрғындары жаңару мен жаңғыру мерекесін атап өтті. Береке мен бірлігі жарасқан көше тұрғындары мейрамда наурыз көжеден дәм татып, қазақы ғұрыппен тойлады....
Сар даланы сағынып жер бетіне Ұлы Наурыз келіп жетті. Осы күні еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз тойы тойланғанда әуеде халықтың жүрегінен орын алған әнші Роза Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз-Думан» әні қалықтайды....
Қазақтың той дастарханын бауырсақсыз елестету мүмкін емес. Өзі дәмді әрі тойымды нан тағамы ұлттық тағам түрі саналады. Дастарханның сәніне айналған бауырсақты сүйсініп жемейтін қазақ жоқ шығар, сірә!...
Ұлыс деген сөз «ұлы іс» деген сөзбен сабақтас, мағыналас дейді тарихшы ғалымдар. Сондықтан күн мен түн теңелетін, жер бетіне жылылық шуағы тарайтын мерекені халқымыз Ұлыстың Ұлы күні деп ұлықтайды. Осы орайда аудандық білім бөліміне қарасты №2 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасында ұлттық мереке жоғары...
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы болған әз-Наурыз мейрамы да келіп жетті. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы наурыз айының халқымыз үшін артықшылығы мен ерекшелігі көп....
Ұлыстың ұлы күнінде аймақтың қоғамдық-саяси дамуына үлес қосып жүрген Сыр елінің бірқатар азаматына ел Президентінің Жарлығымен мемлекеттік награда табысталды. Оның ішінде жерлесіміз, сырдариялық айтыскер-ақын Мамыр Байдаулетов те бар....
Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам барын білесіз бе? Білмесеңіз айтайық, елімізде Наурыз есімді 1 453 адам бар. Оның 1 417-і – ер адам, 36-ы – әйел....
Ұлыстың ұлы күнінде үлкеннен бата алу – дәстүріміздің төресі. Аудан жұртшылығына батагөй қария, соғыс және еңбек ардагері, ғасыр куәгері Яхия Тасыров бата береді....
Шуақты көктемнің алғашқы айы наурыз – халқымыз үшін мерекелі, берекелі ай. Еліміз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесін тойласа, 8 наурызда әйел-аналарға сый-құрмет көрсетеміз. Қыстан шығып, көңілі көлдей шалқыған көшпелі жұрттың тұрмысында ерекше орын алатын ұлттық мейрам – жыл басы Наурыз да осы...