Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туберкулез дертінен сақтануға үндеді

Туберкулез дертінен сақтануға үндеді

24 наурыз – Дүниежүзілік  туберкулезге қарсы күрес күніне орай №37 мектеп-лицейінде кең ауқымды акция ұйымдастырылды.

Акцияны аудандық санитариялық-эпи­демиологиялық бақылау басқарма бас­шысының орынбасары Қ.Омарова ашып, бұл күннің ұраны «Туберкулезге инвестиция салыңыз. Өмірлеріңізді сақтаңыз!» еке­нін айтты.

Адамзат баласына туберкулез әлемдегі ең көп тараған инфекциялардың бірі еке­нін түсіндіру – санитарлық дәрігерлер мен ақ халатты абзал жандарға жүктелген мін­дет. Осы орайда басқарма басшысының орынбасары 2021 жылы ауданда 8 жаңа жағдай тіркеліп, сырқаттанушылық көр­сет­кіш 20,8 болып, облыс бойынша 8-орын­да тұрғанымызды айтты.

– Кең ауқымды акция туберкулез  ау­рушаңдығы бойынша жоғары елді мекен Шаған ауылында өткізілді. Акция барысында мектеп оқушылары флэш-моб, спорттық көрініс көрсетті. Сурет салу бай­қауы ұйымдастырылды, көр­кем сөз оқу арқылы туберкулез туралы білетіндерін айтты, – деді аудандық сани­­тариялық-эпи­­демиологиялық бақы­лау басқар­масы­ның жетекші маманы Ұ.Нұр­баева.

Сонымен қатар аудандық аурухана­­ның  дәрігер фтизиатрлары Л.Ибраимова, А.Ибраимова туберкулездің алдын алу, сақ­тық шаралары, аурудың белгілері және таралу жолдары туралы ақпарат берді. Ау­дандық емхананың Жастар денсаулығы орталығының дәрігері А.Байниязова оқу­шы­ларға саламатты өмір салтын қалып­тастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу ту­ралы түсіндіріп, үн парақтар таратты.

№37 мектеп-лицей директоры Ғ.Жа­ңа­­­­­­­­баева оқушыларға дәрігердің ке­ңе­­сі­­­не мән беру керектігін, дені сау ұр­пақ – елдің болашағы екенін түсіндірді.

Акция барысында  «Шаған-Жер» ЖШС төрағасы Ж.Сыздықов туберкулезбен ауыр­­­ған науқастарға көмек көрсетті.

Айта кету керек, іс-шара аудандық сани­тариялық-эпидемиологиялық бақы­лау бас­­қармасы мамандарымен, жас­тар ден­­сау­лығы орталығы мамандарымен, ем­­хана дә­рігерлерімен бірлесіп ұйым­дас­тырылды.
Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
22 наурыз 2022 ж. 516 0