Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » "Құрмет" орденімен марапатталды

"Құрмет" орденімен марапатталды

Ұлыстың ұлы күнінде аймақтың қо­ғам­дық-саяси дамуына үлес қосып жүр­ген Сыр елінің бірқатар азаматына ел Пре­­зидентінің Жарлығымен мемлекеттік наг­рада табысталды. Оның ішінде жер­ле­сі­міз, сырдариялық айтыскер-ақын Мамыр Бай­даулетов те бар.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Қы­зыл­орда қалалық мәдениет үйінің «Жас ақындар үйір­месінің» жетекшісі, ақын Мамыр Байдаулетовті «Құр­мет» орденімен марапаттады. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар арқалы ақын рухани құн­дылықты дамытуға үлес қосып келеді. «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», ақын, өтірік өлең шебері Замаддин Ибадуллаевтың төл шәкірті Мамыр Бәментайұлы айтыс өнерін де өрге сүйреуде. Сыр елі ақындарына жерлесіміз өлең жазудың әдіс-тәсілін, тео­­риясын меңгертіп жүр.

– Қазақ өнеріне жастайымнан құштар болдым. Ақын-жазушылардың кітаптарын жастанып оқыдым. Сыр елінің перзенті ретінде атын шығаруға барымызды салып келеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрмет» орденімен марапатталуым зор мәртебе болды. Қаумалаған қалың елімнің үкілеген үмітін ақтай беремін, – дейді ақын ағамыз.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
22 наурыз 2022 ж. 914 0