Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз келді құт алып

Наурыз келді құт алып

Ұлыс деген сөз «ұлы іс» деген сөзбен сабақтас, мағы­налас дейді тарихшы ғалымдар. Сондықтан күн мен түн теңелетін, жер бетіне жылылық шуағы тарайтын мерекені халқымыз Ұлыстың Ұлы күні деп ұлықтайды. Осы орайда аудандық білім бөліміне қарасты №2 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасында ұлттық мереке жоғары деңгейде аталып өтілді.

Ең алдымен көктем мерекесіне орай балабақша ауласы мен ғимарат іші мерекеге сай безендірілді. «Наурыз келді құт алып» апталығының жұмыс жоспарына сай балабақшаның барлық қызметкері ұлттық киім киіп, ата-аналар мен тәрбиеленушілерге қа­за­қы нақышта үлгі-өнеге көрсетті. Іс-ша­ра­­ға балабақшаның бар­лық тәр­бие­­ле­ну­шісі ерекше белсен­ділік­пен қатысты.

Атап айтқанда, «Балапан» кіші тобында ертеңгілік ұйымдастырылды. Ер­теңгілікте балалар хормен «Нау­­рыз» әнін орындады. Сондай-ақ өнер­лі де өрелі кішкентай қыздар «Қа­мажай» биін биледі. Ал ер балалар «Тұлпарым» биін сахнаға алып шы­ғып, көрермен көңілінен шық­ты. Сәні мен салтанаты үйлескен ертеңгілік барысында арқан тарту ойыны да ұйымдастырылды. Тәрбие­ші Гүлнар Ша­ғырова көпбалалы отбасыға оқу құралдарынан сый ұйым­дастырды. Мұнан бөлек тұсау­кесер рәсімі көрсе­тілді.

Наурыз мейрамына орай мереке­лік іс-шара «Ботақан» ортаңғы тобында да өткізілді. Тәрбиешілердің ұйым­дастыруымен балалар ұлттық құндылығымызды паш ететін қазақы әндер айтып, би биледі, тақпақтарын жатқа айтты. «Батырлар», «Жұптасу» биін билеген тәрбиеленушілерге қа­зақ халқының сәбиге есім қою салты туралы мағлұматтар берілді. Мұ­­нан бөлек әдет-ғұрыптар мен салт-дәс­түрлер туралы көрініс қойылды.

Ұлттық мереке «Қарлығаш» ересек тобында да ұйымдастырылды. Балалар «Әз-Наурыз», «Наурыз көк­тем» ән­дерін шырқап, «Бипыл», «Шәй құю», «Қара жорға» билерін би­ле­­­ді. Сонымен қатар оркестрдің сүйе­мел­деуімен «Аспаптар» әнін орындап, күш сынасу, қыз қуу секілді ұлттық ойын­дарды ойнады. Ересек топтың мүшелеріне бесікке салар рәсімі көр­сетілді. Іс-шара барысында тәрбие­ші­лер «Ерке сылқым» күйін орындады.

Сондай-ақ Наурыз мейрамына орай №2 «Бал­дәурен» бөбекжай ба­ла­­­­бақшасында наурыз көже әзір­­­­­лен­ді. Ұлттық тағамнан ұжым қыз­мет­­кер­лерімен қатар ата-аналар мен ба­ла­лар дәм татты. Сонымен қатар аудан­­дық білім бөлімінің бастамасымен бастау алған «Әр жанұядан – бір ағаш» челленджі аясында ата-аналар мен балалар көшет отырғызып, қо­ғамның жасыл желекке айналуы­на өз үлестерін қосты. Апталық соңын­да бар­лық топ балаларының шығар­машылығынан «Ою-өрнектер әле­мі» тақырыбында сурет көрмесі ұйым­дас­тырылды.
А.СЕЙІЛОВ
22 наурыз 2022 ж. 518 0