Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайту арқылы жолаушыларға қосымша 2 177 орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.Аталған шара мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етуге және сапарларды барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мереке күндері қатынайтын қосымша қала маңындағы пойыздар:
− 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;
− 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;
− 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;
− 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.
Сонымен қатар, 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.

Жолаушылар билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз сатып ала алады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.
Фото: istockphoto.com