Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Наурыз батасы

Наурыз батасы

Ұлыстың ұлы күнінде үлкеннен бата алу – дәс­түріміздің төресі. Аудан жұрт­шылығына батагөй қария, соғыс және еңбек ардагері, ғасыр куәгері Яхия Тасыров бата береді.

Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы, уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай,
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз,
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей!
22 наурыз 2022 ж. 715 0