Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАСЫР КУӘГЕРІНЕ КУӘЛІК ТАПСЫРДЫ

ҒАСЫР КУӘГЕРІНЕ КУӘЛІК ТАПСЫРДЫ

Қос ғасырдың куәгері С.Күдебаеваға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жаңа жеке куәлігін табыстады. Мекеме басшысы Ж.Жұмабаев қарт ананың халыққа қызмет көрсету орталығына келіп суретке түсіп, құжат дайындағандығын тілге тиек етті. Сала мамандарының атынан сый-сияпат ұсынып, өмір жасының ұзақ болуына өз тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде ардақты ана, қадірлі әже Сәлима Күдебаева келгендерге жүрекжарды ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа құжат алған ана арнайы анықтамалық қағазға қолын қойып, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Сәлима Күдебаева 1917 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Ашаршылық кезінде ата-анасынан айырылып, жетімдіктің кермек дәмін татқан. Жастайынан еңбекке араласып, қара жұмыста ысылған. 1933 жылы жерлесіміз Өмірзақ Күдебаевқа тұрмысқа шығып, 6 бала тәрбиелеп өсіреді. 1941 жылы соғыс басталып, жары Өмірзақ соғысқа аттанады. Сәлима ата-енесімен бірге 1938 жылы туған қызымен елде қалады. Сол кезде тылда еңбек етіп, ауданның дамуына лайықты үлесін қосқан. Аудандық наубайханада наубайханашы болып жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі кезде Сәлима әжей кіші ұлы Нұрлан Күдебаевтың қолында тұрады. Әжейдің 18 немересі мен 31 шөбересі бар. Ғасыр жасаған ана «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен, Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы, 60 жылдығы медальдарымен марапатталған.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
23 қараша 2017 ж. 12 251 2 081
Пікір қалдыру

Пікір 2 081

best online canadian pharmacy от 15 қыркүйек 2021 13:51

online drugstore от 15 қыркүйек 2021 21:43

online pharmacies canada от 16 қыркүйек 2021 09:08

canadian pharmacies online от 18 қыркүйек 2021 01:39

top rated canadian online pharmacy от 19 қыркүйек 2021 07:17

search rx pharmacy discount card от 28 қыркүйек 2021 06:01

online pharmacy from canada от 28 қыркүйек 2021 11:03

tadalafil 30mg от 17 қазан 2021 00:32

mexican pharmacy от 28 желтоқсан 2021 16:09

reputable canadian pharmacy от 10 наурыз 2022 21:41

canadian pharmacy in canada от 11 наурыз 2022 08:19

safe online pharmacy от 19 наурыз 2022 14:30

pharmacies canada от 19 наурыз 2022 18:26