Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАСЫР КУӘГЕРІНЕ КУӘЛІК ТАПСЫРДЫ

ҒАСЫР КУӘГЕРІНЕ КУӘЛІК ТАПСЫРДЫ

Қос ғасырдың куәгері С.Күдебаеваға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жаңа жеке куәлігін табыстады. Мекеме басшысы Ж.Жұмабаев қарт ананың халыққа қызмет көрсету орталығына келіп суретке түсіп, құжат дайындағандығын тілге тиек етті. Сала мамандарының атынан сый-сияпат ұсынып, өмір жасының ұзақ болуына өз тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде ардақты ана, қадірлі әже Сәлима Күдебаева келгендерге жүрекжарды ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа құжат алған ана арнайы анықтамалық қағазға қолын қойып, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Сәлима Күдебаева 1917 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Ашаршылық кезінде ата-анасынан айырылып, жетімдіктің кермек дәмін татқан. Жастайынан еңбекке араласып, қара жұмыста ысылған. 1933 жылы жерлесіміз Өмірзақ Күдебаевқа тұрмысқа шығып, 6 бала тәрбиелеп өсіреді. 1941 жылы соғыс басталып, жары Өмірзақ соғысқа аттанады. Сәлима ата-енесімен бірге 1938 жылы туған қызымен елде қалады. Сол кезде тылда еңбек етіп, ауданның дамуына лайықты үлесін қосқан. Аудандық наубайханада наубайханашы болып жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі кезде Сәлима әжей кіші ұлы Нұрлан Күдебаевтың қолында тұрады. Әжейдің 18 немересі мен 31 шөбересі бар. Ғасыр жасаған ана «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен, Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы, 60 жылдығы медальдарымен марапатталған.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
23 қараша 2017 ж. 12 979 2 265
Пікір қалдыру

Пікір 2 265

online canadian pharmacies от 12 ақпан 2026 23:00

online prescription drugs от 15 ақпан 2026 22:07

canadian meds от 17 ақпан 2026 21:21

pharmacy canada от 24 ақпан 2026 14:35

order prescriptions от 9 наурыз 2026 22:37

rx prices от 12 наурыз 2026 07:45

ALEXsonee от 15 маусым 2026 13:51
Hello! 77777 Good luck :)