Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАСЫР КУӘГЕРІНЕ КУӘЛІК ТАПСЫРДЫ

ҒАСЫР КУӘГЕРІНЕ КУӘЛІК ТАПСЫРДЫ

Қос ғасырдың куәгері С.Күдебаеваға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жаңа жеке куәлігін табыстады. Мекеме басшысы Ж.Жұмабаев қарт ананың халыққа қызмет көрсету орталығына келіп суретке түсіп, құжат дайындағандығын тілге тиек етті. Сала мамандарының атынан сый-сияпат ұсынып, өмір жасының ұзақ болуына өз тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде ардақты ана, қадірлі әже Сәлима Күдебаева келгендерге жүрекжарды ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа құжат алған ана арнайы анықтамалық қағазға қолын қойып, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Сәлима Күдебаева 1917 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Ашаршылық кезінде ата-анасынан айырылып, жетімдіктің кермек дәмін татқан. Жастайынан еңбекке араласып, қара жұмыста ысылған. 1933 жылы жерлесіміз Өмірзақ Күдебаевқа тұрмысқа шығып, 6 бала тәрбиелеп өсіреді. 1941 жылы соғыс басталып, жары Өмірзақ соғысқа аттанады. Сәлима ата-енесімен бірге 1938 жылы туған қызымен елде қалады. Сол кезде тылда еңбек етіп, ауданның дамуына лайықты үлесін қосқан. Аудандық наубайханада наубайханашы болып жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі кезде Сәлима әжей кіші ұлы Нұрлан Күдебаевтың қолында тұрады. Әжейдің 18 немересі мен 31 шөбересі бар. Ғасыр жасаған ана «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен, Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы, 60 жылдығы медальдарымен марапатталған.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
23 қараша 2017 ж. 12 250 2 080
Пікір қалдыру

Пікір 2 080

canadian online pharmacies от 21 қаңтар 2021 01:35

canada drugs от 21 қаңтар 2021 03:38

canadian pharmacy от 21 қаңтар 2021 07:08

best online canadian pharmacy от 21 қаңтар 2021 08:29

best online canadian pharmacy от 21 қаңтар 2021 12:16

canadian online pharmacies от 21 қаңтар 2021 17:52

canada online pharmacy от 25 қаңтар 2021 22:47

online pharmacy canada от 26 қаңтар 2021 01:56

online pharmacy reviews от 26 қаңтар 2021 12:49

online pharmacy от 26 қаңтар 2021 15:52

best canadian online pharmacy от 26 қаңтар 2021 18:53

canadian pharmacies shipping to usa от 27 қаңтар 2021 01:33

canada pharmacy от 27 қаңтар 2021 03:22

canada pharmacy от 27 қаңтар 2021 08:20