Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСЫМ БАҒЫТТАРҒА МӘН БЕРІЛДІ

БАСЫМ БАҒЫТТАРҒА МӘН БЕРІЛДІ

Бүгін аудан жастары болып ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ел халқына арналған "Сындарлы қоғамдық диалог -Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын тыңдаған болатынбыз. Бұл Жолдауда да жастар мәселесі шет қалған жоқ. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясын кеңейтіп жаңа форматта жұмыс жасауды негізге алуды тапсырды. Әрине ауылдық жерлерде кадр мәселесін оңтайландырып, білімді және білікті мамандарды ауылдың әл-ауқатын арттыру жұмыстарына араластыру оңды шешім болмақ. Ұстаздар жалақысын көтеру, медициналық қызмет сапасын көтеру, жас отбасылар институтын дамыту, мәдени сала қызметкерлеріне қолдау білдіру сынды мәселелерді жария етті. 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялауы белсенді, озат ойлы жастарды қолдау шарасы болмақ. Жолдау-көңілден шықты. Жастар әрдайым қолдауға дайын.

Ғани ОРАЛОВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
02 қыркүйек 2019 ж. 752 0