ЕЛ ДАМУЫНА ЖАСТАРДЫҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ ЗОР
Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, «Жастар жылын» қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды.
Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. Мұны Жастар жылының ашылуында Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап айтты. Жастарды жан-жақты қолдау үшін түрлі жобаларды іске асыруға тапсырма берді. Ендеше, үлкен қолдау барда жалынды жастарға бейқам жатуға болмайды. Жігерленіп жұмыс жасап, ел дамуына өскелең ұрпақ өз үлесін қосуы тиіс. Бұл жолда еш аянбауымыз қажет.
Жалпы, бұл жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!
Сауле СЫЗДЫҚОВА,
аудандық жастар ресурстық орталығының маманы