БІЗ ҮШІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІК!
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дейді халық даналығы. Елімізге әр саланы терең білетін, осы заманғы біліммен қаруланған, көкейінде отаншылдық рухы маздаған, уақыт талабына сай білімді жастар ел ертеңі.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев "2019 ЖЫЛ-ЖАСТАР ЖЫЛЫ" деп жариялауы жастар үшін зор мүмкіндік. Бүгінгі күні "Жастар жылының" салтанатты түрде ашылу салтанатын жастар белсенділері, ауыл жастары және мектеп оқушылары болып тамашалаған болатынбыз. Қуанып қалдық! Ауылға барып жұмыс жасаймын деген жастардың жәрдемақыларын көбейту, "7-20-25" бағдарламасы бойынша жастарға тұрғын үй беру мүмкіндіктерін арттыру, заманауи бағытқа бетбұрыс жасап, инновациялық-технологияны жетік меңгерген жастарға қолдаулар көбеймек! Жалпы алғанда Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастарға мол мүмкіндіктер мен қолдаулар көрсете отырып, жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Осындай мүмкіндіктерді падаланған жастарымыз жауапкершілігі мол ұлтжанды азамат болып өсетініне сенімдімін! Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып, тәуелсіз мемлекетімізді алға сүйрері хақ!

Ғани ОРАЛОВ,
Сырдария аудандық "Жастар" орталығының директоры