ЖОЛДАУ – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Қазақстан Президенті сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі екендігін баса айтты. Ұлы Абайдың алтыншы қара сөзінде айтқан "Бірлік – ақылға бірлік" деген сөзін келтірген Қасым Жомарт Тоқаев: "Елбасымыздың "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін" – деді.
Ең бастысы халық оң өзгерістерді сезінуі тиіс деген Президент, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға алдыңғы кезекте баспана беру қажеттігі жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Жыл сайын мыңдаған отбасыны баспанамен қамтып, жағдайын жасау ел тізгінін ұстаған азаматтардың парызы болуы тиіс. Өте құптарлық жағдай. Себебі алдымен ана мен бала бақытты болған жағдайда еліміз көркейіп, гүлденеді. Сондықтан барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір сөздің нақты іске айналатынына сенеміз.
Хайролла Әбенұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы