Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызыңды бөтен үйге қондырма

Қызыңды бөтен үйге қондырма

Қазақтың бойында бар рақымшылық, инабаттылық, қасиеттерімен қоса үлкенді сыйлау, ата-салтын ардақтау, қызға жарасымды мінез-қылықтар, баланың алаңсыз бал дәурені, отбасынан береке қашып барады. Бұл жайлы теледидар, баспасөз беттерінде жиі-жиі мәселе көтеріліп жүр.
Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ағамыз өзінің «Күндерімнің куәсі» атты кітабында былай деп жазады:
«...Қазақтай баласын әлпештеген, әлдилеп бесікке, сүтімен бірге перзентінің санасына мейірімділікті құйған, сәбиін айналып-тол­ғанған халықты білмеймін: шырағым күнім, құлдығым, жаным, көзімнің қарашығы, алтыным, жұлдызым, тынысым, құлыным, қозым, ботам, саяңда жатайын, садағаң кетейін!
Алдағы ғасырда осыдан айырылып қал­масақ болғаны. Адам баласынан мейірім кетсе – қатыгез, қайырым кетсе – жат болады», – деп елдің ертеңгі күніне алаңдаушылығын білдіреді.
Шынында да әлем елдерінің ішінде тек қазақ халқы ғана өз ұрпағына аса мейірім көрсеткен. Әсіресе, қыз баласына зор құрмет көрсетіп, ерекше мәпелеген. Бар жылы-жұмсағын қызына беріп, еркелеткен. Қызды «жат жұрттық» – деп төрден орын беретін болған. Сондай бола тұрса да «қызға қырық үйден тиым» – деген түсінік қалыптасқан. Демек, қызға осылай құрмет көрсеткенімен оның тәрбиесіне келгенде бабаларымыз қатаң ұстанымда болған. Қыздың шалыс баспауы­­на бүкіл әулет, тайпа болып атсалысқан. «Қызға қырық үйден тиым» түсінігі осыдан қалыптасқан.
Бүгінде бұл үрдіс санадан өшіріліп барады. Қыздардың бей әдеп сөйлеуі, қалай болса солай жүріп тұруы, ең өкініштісі «көкек» аналардың көбеюі қоғамды алаңдатып отыр. Өз қанасынан шыққан сәбиін кез келген жерге тастап кету секілді қорқынышты әрекеттерді естісек те селт етпейтін дәрежеге жеттік. Халқымызда: «Ұлтты тәрбиелегің келсе, алдымен қызыңды тәрбиеле» деген даналық бар. Демек, әр отбасындағы қыз баланың тәрбиесіне зор мән беруіміз керек. Яғни, «ұлыңды бөтен үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма» – деген сөздің астарына үңіліп, қыз бала тәрбиесін бірінші кезекке қоюымыз керек.


С.СҰЛТАНҚЫЗЫ
29 қаңтар 2019 ж. 4 410 0