Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ – ЕЛ СЫЙЛАҒАН ХАНШАЙЫМ

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ – ЕЛ СЫЙЛАҒАН ХАНШАЙЫМ



Қазақ халқы ежелден-ақ, қыз баласына аса құрметпен қарап, әлпештеп өсірген. Қашанда бар жақсысын алдына тосып, ерекше ықылас танытқан. Сонымен қатар, имандылық пен инабаттылықты, мейірім шуағын бойына сіңіріп, жадына құйған. Осы орайда «Қызға қырық үйден тыйым» деген тәмсіл бар. Бұл дегеніміз, егер қыздың бойынан немесе іс-әрекетінен оғаш қылықты, жағымсыз мінезді, байқаса кез-келген жанашыр жан ақыл-кеңес айтып, бұл әрекеттің дұрыс еместігін түсіндіріп отырған.
«Қыз көркімен қылықты». Үнемі биязы қалпынан таймаған бойжеткен үлкеннің алдында сыпайылығын сақтап, кезкелген жерде жөнсіз жарыса сөйлеуден бойын аулақ ұстаған абзал. Қыздар ешқашан жалғыз өзі қыдырмаған. Ең бастысы орынсыз күлмеу, біреуді ғайбаттап, сыпсыңдап өсек айтудан қашық болу. Бұрыннан қазақ қызы батыр, қайсар жүректі екенін білеміз. Дегенмен, қазақ халқы қызға қол көтеруге тыйым салған. Бастысы бойжеткен бойынан мына кері тартпа қылықтардан ада ұстауды парыз санаған. Атап айтар болсақ, «өтірік -өсектен, «суық жүріс, сумаң қылықтан», «кісіге қарап керіліп, есінеуден», «салт-дәстүрден аттамаудан», «елді ғайбаттаудан», «үлкендердің жолын кесіп, атын атаудан», «рахымсыздық пен қатыгездіктен». Міне, сондықтан да қазақ арулары осылайша кербездігімен дараланып, данышпандығымен көпке үлгі болуы қажет.
27 тамыз 2018 ж. 2 286 0