Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алматыда журналистер клубының кеңeйтілген отырысы өтті

Алматыда журналистер клубының кеңeйтілген отырысы өтті

2025 жылғы 10 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті, деп жазады Kyzylorda-news.kz

Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметтерінің мамандары, медиаменеджерлер, журналистер мен блогерлер қатысты.

Жиынды ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев ашып, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы айрықша рөліне тоқталды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының төрағасы Бибігүл Жексенбай этноБАҚ қызметін, кәсіби стандарттарды жетілдіру бойынша өз ой-пікірін білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.

Бағдарлама этносаяси терминологияны дұрыс қолдану, жаңа медиа мен цифрлық технологиялардың этножурналистикаға, антикризистік PR-ға әсерін қамтыды. Сондай ақ, қатысушылар М.Барманқұлов атындағы телестудия мен университет музейін аралады.

Кездесудің қорытындысында ҚХА Журналистер клубы мен Бас редакторлар клубы арасында кәсіби ынтымақтастықты дамыту және бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
13 қазан 2025 ж. 244 0