23 жастағы қызылордалық дүниеге үшем әкелді

Қызылорда қаласының тұрғыны Әсел Сабырбаева 23 жасында осылайша алғашқы сәбиін дүниеге әкелді. Жас ананы акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова мен акушер-гинеколог Фатима Қосназарова босандырды. Нәрестелердің арасынан қыз баланың салмағы 1 996, ер баланікі 1938, үшінші ер баланікі 1918 грамм болды.
- Жүктіліктің 35 аптасында, яғни мерзімінен бұрын босанды. Нәрестелердің жағдайы ауыр болды. Жансақтау бөлімінде 2 күн аппаратта жатты. Олардың өкпесін дамыту үшін дәрі берілді, - деді аурухананың жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Бекжанова.
15:06, 13 Қазан 2025 | GMT +5
23 жастағы қызылордалық дүниеге үшем әкелді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасында Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшем дүниеге келді. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасы
Қызылорда қаласының тұрғыны Әсел Сабырбаева 23 жасында осылайша алғашқы сәбиін дүниеге әкелді. Жас ананы акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова мен акушер-гинеколог Фатима Қосназарова босандырды. Нәрестелердің арасынан қыз баланың салмағы 1 996, ер баланікі 1938, үшінші ер баланікі 1918 грамм болды.
- Жүктіліктің 35 аптасында, яғни мерзімінен бұрын босанды. Нәрестелердің жағдайы ауыр болды. Жансақтау бөлімінде 2 күн аппаратта жатты. Олардың өкпесін дамыту үшін дәрі берілді, - деді аурухананың жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Бекжанова.
Фото: Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасы
Аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, үшемнің денсаулығын жақсарту үшін мамандар жоғары сапалы медициналық көмек көрсетті. Қазір нәрестелердің жағдайлары тұрақты. Анасымен бірге палатада ана сүтімен қоректеніп жатыр.
Айта кету керек, аурухананың акушерлік бөлімінде жыл басынан бері 1343 нәресте дүниеге келген. Соның 537-сі осы бөлімшеде қосымша ем алған.
Бұған дейін Түркістан облысының Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылындағы Исраиловтар отбасында үшем – бір ұл және екі қыз дүниеге келді.