Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нағыз мейірім

Нағыз мейірім


Хазреті Омардан риуаят етілген:
Мұсылмандар мен мүшриктердің арасында кескілескен ұрыс болған еді. Нәтижесінде мұсылмандар жеңіске жетіп, мүшриктердің басым көпшілігін тұтқынға алды. Тұтқындардың барлығын бір жерде ұстап отырған кезде, мына оқиғаның куәсі болдық: Тұтқындардың арасында екі өкпесін қолына алып, ары-бері жүгіріп жүрген әйелді көрдік. Әлгі әйел бір жарым жасар баласын жоғалтып, абыржып жүрген екен.
Ана баласын әбден іздеп қатты шаршады. Аналық сезім мен сағыныш жүрегін өртеп қинағандықтан, көзіне түскен сәбиді бауырына басып, құштарланып сүйіп, аймалап мауқымын басып жүре берді. Ананың баласына деген мейірімі мен сағынышы бізді таңқалдырмай коймады. Мұның куәсі болған хазреті Пайғамбар сахабаларына тағы бір ақиқатты үйретпек болып:
– Асхабым! (достарым, бауырларым!). Мына ана баласын отқа тастай алады деп ойлайсыңдар ма? - деп сұрады. Барлығы бірауыздан:
– Мүмкін емес! - деп жауап берді.
Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.): - Асхабым! Олай болса, Ұлы Жаратушымыздың құлдарына деген мейірімі, мына ананың баласына деген мейірімінен әлдеқайда артық. Ана баласын отқа тастауы мүмкін емес болса, Алла Тағала да ақиқат жолында жүрген құлдарын отқа тастамайды, - деді.
http://gibrat.kz/gibratnama/hadistegi-kissalar/191-nagyz-meiirim.html
06 сәуір 2018 ж. 1 201 0