ЖАСТАРДЫҢ ОРНЫ АЛҒЫ ШЕПТЕ
Адамзат көктемі –жастық шақ болса, оның жарқын кезеңі – студенттік өмір. Сыр елінің маңдайалды жоғарғы оқу орны – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып жатқанымды мақтан тұтамын.
Мен 1 курс студентімін. Облыс әкімінің грантымен оқуға түстім. Сырдария ауданының тумасымын. Университетте ауыл жастарының жалпы студент қауымының алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Жатақхананың бір бөлмесінде курстасым шиелілік Перизат Ахметовамен бірге тұрамын. Елбасы Жолдауында айтылған «студенттер жатақханамен қамтылуы керек» деген мәселе бізде толық шешілген. Сондықтан Жолдауда белгіленген жастар жылын студенттер қауымы оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенділікпен қарсы алуға дайын деп ойлаймын. Мені озат түлек деп студенттер қатарына қабылдануыма аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың ықпалы болды. Мен ауылдастарымның сенімін ақтап, жақсы оқуға талпыныс танытудамын.
Бүгінгі төл мерекемен барша студент қауымды құттықтай отырып, жастардың әрдайым алғы шептен көрінуіне тілектестігімді білдіремін.
Зарина ЖАРБОЛОВА,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың
І курс студенті