Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Лагерь жазғы маусымын аяқтады

Лагерь жазғы маусымын аяқтады

Биылғы жылдың 26-28 тамыз аралығында Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қолдауы, университетттің Студенттер кәсіподақ комитеті мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Түркістан облысындағы «Таң нұры» тынығу аймағының базасында  «Студенттік каникул - 2018» атты дәстүрлі жазғы тынығу лагері өтті.    
Лагердің басты мақсаты – студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің тиімді жұмыстары арқылы  жастардың әлеуметтік-белсенділігі мен кәсіби-біліктілігінің дамуына жағдай жасау. Жастар лагері  студенттердің қабілет-қарымын ашу үшін мол мүмкіндік және студенттік бастамаларды қолдаудың ашық алаңы болып табылады.
Әдемі мереке мен нағыз тәжірибе алмасу алаңына айналған үш күнді жай ғана демалыс деп айту жарамас. Жыл бойы үздік еңбек етіп, демалуға келген 50 студент  бірнеше топқа бөлініп, жарыстар ұйымдастырды. Қойылымдары мен ұрандарын, атауын тарихи кезеңдермен байланыстырған топ шығармалары мерекеге ерекшелік сыйлады.  
Сондай-ақ, студенттерге арналған семинарлар мен тренингтерден өзге, студенттік өзін-өзі басқару белсенділерінің көшбасшылары үшін арнайы шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Лагерь бағдарламасы бойынша зияткерлік ойындар, жайдарман ойындары, волейбол және футбол сайыстары өткізілді. Және әрбір ұйымдастырылып, өткізіліп отырылған сайыс соңында ұйымдастыру комитеті тарапынан сыйлықтар табысталып отырылды.
Жарыс нәтижесі бойынша  Студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Н.Пірназаров барлық топ белсенділерін әр түрлі номинациялармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізілетін бұл іс шара алдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.
                                       Шакизат Қаратайұлы,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Студенттер кәсіподақ комитетінің  төрағасы
02 қыркүйек 2018 ж. 1 702 0