ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІРІМНІҢ ТАРТУЫ
Әлемге әйге ететін әнұраны,
Байрағым тектіліктен табылады.
Жүз отыз ұлт сыйып кеткен,
Кең ғой, шіркін, елтаңбамның шаңырағы.
Бар асылдан қымбат көрген анасын,
Бәрінен де биік көрген әкесін,
Бір шолайық дархан қазақ даласын.
Ел үшін кеткен еді жанып бәрі.
Міржақып, Жүсіпбектің, Ахметтің –
Бостандық болған еді бағыттары.
Көз жүгіртсем тарихқа әріге мен.
Балуан Шолақ, Ақан сері, Біржан салдар –
Тербетті ен даланы әніменен.
Бұл өлкеде жатқан жоқ тыныш тегі.
Абайды, Мұхтар менен Шәкәрімді
Дүниеге әкелген – Шығыс жері.
Жырдағы Құлагерім, Маңмаңгерім.
Жамбыл менен Сүйенбай, Кенендердің,
Топырағына кіндік қаны тамған жерім.
Бір өзіңде бейбітшілік байрағым.
Сазгер Шәмші, ақын Мұхтар секілді –
Тудыратын талай қазақ қаймағын.
Күннен күнге артуда қатары әрі.
Тұрмағанбет, Молдахмет, Нартай барда,
Шайырлардың шаһары аталады.
Шаң баспаған қанша ғасыр сатысында.
Құрманғазы, Дина мен Дәулеткерей,
Күйшілер бар қазағымның батысында.
Бейбітшілік аспаны төбемде кең.
Егемен ел өрені атанғанмын,
Шекараны ұлылар шегендеген.
Ежелден-ақ белігі сырым маған:
Бір Алладан басқа ешкімге бас имеген,
Жайнамаздан өзгеге жығылмаған.
Кеңінен қанат жайдың азат болып.
Ғанибет – қазақ болып туылу да,
Нағыз бақыт – өлу ғой қазақ болып.
Бар өлшемі осында қадіріңнің.
Тектілерден мұра болған тәуелсіздік –
Тартуы ғой қазаққа Тәңірімнің!
Сұлтанбейбарыс БАҚЫТБЕК,
жас ақын
жас ақын