Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАУ ТҰЛҒА –ТҰРЫМБЕТ ЖЫРАУ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

«ТАУ ТҰЛҒА –ТҰРЫМБЕТ ЖЫРАУ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ


Биыл әрі жырау, әрі ақын Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін шайырдың туған жері Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында «Тау тұлға – Тұрымбет жырау» атты мерейтойлық шара басталды.
Шара аясында Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы аудандық әуез мектебінің жұмысымен танусыу, ғылыми-танымдық конференция өтеді. Ал түс ауа Қармақшы аудандық Ш.Төлепова атындағы Мәдениет үйінде «Талайды таңырқатқан жырау едім» атты республикалық жыршы-жыраулардың байқауыө теді.
Тұрымбет Салқынбайұлы 1868 жылы бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
1946 жылы өзінің туған ауылы – «Бозарқаш» колхозында қайтыс болған. Шөмекей тайпасының Қаратамыр туынан.
Әрі жырау, әрі ақын Тұрымбет Салқынбайұлының есімі тек Сыр бойына ғана емес, талай жерлерге белгілі болған. Тұрымбет жырау оқымаған, тек үйреншікті, шала сауатты кісі екен.
Ол терме, тақпақ, айтыс, толғау, тойбастар, мақтау, сынау сөздер айтуға өте шебер болған. Ол туралы Мардан Бәйділдаев құрастырған «Ақын-жыраулар» («Ғылым» баспасы,1979 ж) атты кітапта: Салқынбаев Тұрымбет Сыр бойы, Арқа, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, жерлерін көп аралап, жыр айтқан. «Зинарат қыз», «Әмірі – Ұрлықа», «Әуезхан», «Ақтам» сияқты көп жыршы-жыраулар біле бермейтін, ұзаұ әрі қызық сюжетті қисса, дастандарды ел арасында бірден бір таратушы жырау, - делінген.
Тұрымбет жыраулық өнеріне қоса ірі айтыс ақыны. Екі дәіпді көрген жыр алыбы Жамбыл тәрізді, кешегі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде ол Жиенбай жырау, Кете Жүсіп секілді мықтылармен айтысқан.
Ұлы Отан соғыс жылдарында халық ақындарының аудандық, облыстық айтыстарына қатысқан. Ақынның Октябрьге, Ленинге, Ұлы Отан соғысының қаһармандарына, еңбек адамдарына арналған өлең-толғаулары бар.
Жастайынан жоқшылықты көп көріп өскен Тұрымбет жырау, Кеңес дәуірін насихаттап, жырлауға қызу үн қосады.
Жыраудың шығармашылығы негізінен екі дәуірді қамтиды. Оның Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдегі өлең-жырларында байлар мен алыпсатар қулардың залымдығы, замана тарлығы, ел мұңы, ауыл арасындағы ұрлық-қарлық, ағайын бірлігі жырланды.
Сан қырлы талант иесі Тұрымбет жырау құсбегі ретінде қаршыға, бүркіт ұстап, тазы жүгіртумен де айналысқан. Тал егіп, бағбандықпен де аты шыққан.
Ол сұлу сақал, мұрты бар, бидай өңді, орта бойлы, иықты келген, мейлінше кең пейілді, қарапайым, ағайын-туысқа, жалпы елге қадірлі, сыйлы кісі болған. Тұрымбет өз тұстастарының арасында шқтығы биік, өнер иесі суырып салма ақын.
Ақын өзінің қартайып, шау тартқан шағында да, өз дәуірінің жыршысы болып, елдің бүгіні мен болашағын тебірене жырлайды.

https://syr-media.kz/

19 қыркүйек 2018 ж. 1 483 0