Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАҢЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАҢЫ


Тәуелсіздік таңы атқанда құлпырып,
Кеуделерге күй қонақтап нұр тұнып.
Қыран текті қазағымның бір ұлы,
Шықты жайнап қия шыңға ұмтылып.

Құла дүзде жан аяғы баспаған,
Қырат белін қиып бөліп тастаған.
Құдіреттің куәсі боп, өзі боп,
Қоныс тапты сол өңірден Астанам!

Қуаныштан бойда қуат тасыған,
Келер күнге қараймында асығам.
Кең даламның келбетіне сүйсініп,
Көз тігемін бәйтеректің басынан.

Аңсап жүріп бар үмітін үзбеген,
Арман еді ата-бабам іздеген.
Қазағымның мықтылығын мойындап,
Бүкіл әлем санасты енді бізбенен.

Асығамыз алдағы арман күнге біз,
Абыройым асқақ, берік іргеміз.
Ел-халқының қамын ойлап тынбайтын,
Ерен тұлға Елбасымен біргеміз.

Алдымыздан атып арай таң күліп,
Атақ даңқым кетті бүгін жаңғырып.
Тәуелсіздік туы көкте желбіреп,
Құт, береке қона берсін мәңгілік!


Мұхтар САҚТАПОВ,
ақын,
«Сырдария ауданының
Құрметті азаматы»

10 қараша 2018 ж. 1 485 0