Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОТБАСЫ – ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ОТБАСЫ – ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ


Үкіметтік емес ұйымдардың орталығы саналатын «Достық» үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мықты неке – мемлекет тірегі» атты тағылымды кеш өтті.
«Еліміздің орнықты дамуы – өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі басты басымдыққа айналуы тиіс» деп Елбасы кешегі дәстүрлі Жолдауында атап өткеніндей Елімізде мемлекеттің құндылығы саналатын отбасыларға деген айрықша қамқорлық қалыптасқан. Елбасының бастамасымен жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауының өткізілуі де соның айғағы.
Кешке алтын той иелері Бақшақбай Мешітбайұлы мен Мәдина Мәжитқызының өнегелі өмір, еңбек жолдары жас отбасыларына үлгі етілді. Шаңырақ көтергендеріне жарты ғасыр толған ерлі-зайыптылар әрқайсысы ешқайда табан аудармастан бір ұжымда 40 жылдан астам еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Отағасы аудандық электр жүйесі мекемесінде жұмыс жасап, озаттар қатарынан көрінген. Сөйтіп, аудандық кеңестің депутаты болып сайланған. «Облыстық электр жүйесі құрылымының 50 жылдық» төсбелгісімен марапатталған. Ал, отанасы Мәдина апай бала жанының бағбаны №1 балабақшада ұзақ жыл тәрбиеші болып жұмыс жасады. «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Қоғамдық бірлестік төрайымы Ұ.Жанәлиева алтын той иелеріне естелік сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, кешке ауданның АХАЖ бөлімін басқарған ардагер апалар Гүлзада Көшерова, Әсия Мәселова, Шырынкүл Елеусінова, Алтын Есболғанованың шақырылуы шараның мәнін арттыра түсті. Олар өздерінің меңгерушілігі кезіндегі қызықты оқиғалары мен тағылымды істер туралы әңгімеледі. Мазмұнды кеште жас жұбайлар Бақытжан Баймұрзаев пен Әйгерім Ибрагимоваға, Ғалымжан Қалиев пен Нұрайым Камаловаға неке куәлігі, ал, ақжармалық жас ана Жадыра Шүрекке тұңғыш перзентінің туу туралы куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.
Кешті қоғамдық бірлестік төрайымы Ұ.Жанәлиева қорытындылап, мықты неке – мемлекет тірегі екендігіне тоқталды. Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Әкбаров, осы мекеменің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Ш.Нұрсейітов,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
18 қазан 2018 ж. 1 110 0