Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ТУРАЛЫ

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ТУРАЛЫ



Ел Конституциясының 27-бабы, «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 145- бабына сәйкес, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз атаанасына қамқорлық жасауға міндетті. Аға буын өкілдерінің өмірдегі отбасылық рөлін насихаттайтын, оларға құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмысты, егде жастағы адамдарға қызмет көрсетуге волонтерлік қызметке мемлекеттік көмек көрсетуді күшейту қажет. Егде жастағы адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылатын институттық реформалармен толықтай сәйкес келетінін айтуға болады. Бүгінде аға буын өкілдерінің құқықтарын қорғау мәселелері жаһандық деңгейде жаңғыртылып, мемлекет пен қоғам дамуының көрсеткіштеріне айналуда. Биылғы жылы елімізде ауқымды әлеуметтік реформалар – Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасының қолға алынғандығын атап өтуіміз керек. Халықтың барлық тобының мүддесін қорғайтын бұл бастама азаматардың өмірін жақсартуға, қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайтуға бағытталған. Бағдарламаның басты ерекшелігі мұнда жастарға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, яғни адамдардың барлығына тиісті қолдау көрсетіледі.
рлығына тиісті қолдау көрсетіледі. Ауданымызда егде жастағы адамдар үшін зейнетақымен қамсыздандыру жұмыстары тұрақты деңгейде жүргізілуде. Сонымен бірге, жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлініп келеді. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүзеге асырылады. 2018 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алудың нәтижесімен жеңімпаз болып танылған үкіметтік емес ұйымның ұйымдастыруымен, ардагерлер арасында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, аға буын азаматтардың қоғамға белсене араласуы қамтылған. Атап айтқанда, ардагерлердің мерей тойларына байланысты іс-шаралар, әр түрлі спорттық шаралар, дөңгелек үстелдер өткізу ұйымдастырылып келеді. Кент және әрбір ауылдық округтердегі қоғамдық кеңестерге егде жастағы азаматтар тартылған және қоғамдық кеңес жұмыс жасауда. Әр саладағы зейнеткерлік жасындағы азаматтар түрлі мерекелік іс шараларға арнайы шақырылып, қатыстырылып, құрмет көрсетілуде.

Ғ.ӘКБАРОВ,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтк бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы
27 тамыз 2018 ж. 1 422 0