БИІК БОЛМЫС
Жүріс-тұрысынан, атқарған істерінен, сөйлеген сөзінен ірілігі көрініп тұрады. Көпшіл, сөзі өтімді, ықпалды, елге сыйлы. Бүгінде оның балалары да білімді, жан-жақты, елдің ір қиырында сан түрлі қызметте.
Өмір тарихын айтсақ-ол кісі 1933 жылы Тереңөзекте туып-өскен. Кент орталығындағы сол кездегі М.И.Калинин атындағы №35 мектепті күміс медальмен аяқтаған. Жоғары оқу орнын бітірген соң жолдамамен көршілес Өзбекстанда ұстаздық еңбек еткен, шәкірт тәрбиелеген. Онда оқу ісінің меңгерушісі, мұғалім бола жүріп партия қатарына қабылданады. 1956 жылы елге келген соң да ұстаздық еңбекті жалғастырып, алдымен Абай атЫндағы ұжымшардағы «Жаңа өріс» орталау мектебінде және Шағандағы БЛКЖО-ның 30 жылдығы атындағы №37 орта мектепте, 1958-1963 жылдары «Қараөзек» кеңшарындағы Н.К.Крупская атындағы 8 жылдық мектеп пен №39 «Қызылөзек» орта мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып абыройлы қызмет еткен.
Саяси сауаттылығын, білімі мен білігін, табандылығын, ұйымдастырушылық қабілетін ескерген аудан басшылары 1963 жылы Әбекеңді партиялық қызметке жоғарылатады. Сөйтіп, 1965 жылға дейін Сырдария селолық өндірістік партия комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы. Тереңөзек аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, 1978-1992 жылдары аудандық «Еңбек туы» газетінің редакторы қызметін атқарды. Осы тұста ол кісінің белсенділігі артып, ұйымдастырушылық қабілеті шыңдала түсті. 1992-1993 жылдары халық депутаттары аудандық кеңесінің ұйымдастыру-Кеңес жұмыстары бөлімінің меңгерушісі болып дербес зейнеткерлікке шықты. Мұнан кейін де үйде қол қусырып қарап отыруды жөн көрмей, аудандық мәслихаттың депутаттарымен және тұрақты комиссияларымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, тұрақты комиссияның төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. 1994 жылғы бірінші шақырылған аудандық мәслихат депутаты болып та халық аманатын адал атқарған жан.
2000-2006 жылдары аудандық ардагерлер Кеңесінің пленум мүшесі, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде жүріп, кезінде ел дамуына қызмет еткен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды түгендеу, бастауыш ұйымдардың жұмыстарын жүйелеу, жандандыруда да белсенділік танытты. Ол – тіл жанашыры. Қазақ тілінің қолданылу аясының кеңейіп, тіл тазалығының сақталуына, мекемеаралық құжаттардың сауатты жазылауына ерекше еңбек сіңірді. Ауданда құрылған «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрағасы.
Ол кісінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі лайықты бағасын алды. Ол «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Ерен еңбегі үшін В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына», «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 40 жыл», «Жеңістің 50 жылдығы», «Жеңістің 60 жылдығы», «Жеңістің 65 жылдығы», «Тыңға 50 жыл», «Қызылорда облысына 70 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Сондай-ақ халық депутаттары облыстық Кеңесінің, Одақтың, республикалық, облыстық кәсіподақ, комсомол Комитеттерінің, Қазақстан Журналистер Одағының, көптеген газеттер редакциялары мен қоғамдық ұйымдардың «Құрмет» грамоталарына, ескерткіш және төсбелгілеріне ие болған. Оған «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Маханбет Абызбай аға зайыбы, мәдениет саласының еңбек және тыл ардагері, «Алтын алқа», «Күміс алқа», екінші, үшінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің, бірінші, екінші дәрежелі «Ана» медалінің, «Еңбек ардагері», «Жеңістің 65 жылдығы» медальдарының иегері марқұм Сыздыққызы Күлжанмен 8 ұл-қыз тәрбиелеп, өсірген. Олар әртүрлі мамандықтар алып, өз алдына отау тігіп, халқына адал қызмет етуде. Бірнеше немере, шөберелері бар.
Иә, адам ұрпағымен мың жасайды. Әбекеңнің де, Аллаға мың тәубе, ұрпағы білімді, саналы, сабырлы болып өсіп келеді. Олар ағайдың өмірін әрі қарай жалғастырып, ата, әке өнегесін өмірлік ұстанымға айналдырған. Осындайда «биік ақырдан су ішкен» деген сөз ойға оралады. Бұл - тектілікті, сақалықты, адам бойындағы адами болмысты білдіреді. Демек, Маханбет әулеті сол биік ақырдан су ішкен текті ұрпақ. Оның бастауында Әбеке, біздің Абызбай аға тұр.
АБЫЗ АҒА
Жан жадырап, бір серпіліп бойыңыз,
Жүзеге асып арман, мақсат, ойыңыз.
Қызылорданы дүбірлетіп жатқан бұл,
Құтты болсын, абыз аға тойыңыз.
Қай кезде де төмен түспей нарқыңыз
Шымыр тұлға шуақ төккен қалпыңыз.
Ағайындар ардақ тұтса құрметтеп
Мақтан етіп отырады халқыңыз.
Бойыңыздан шабыт шалқып, от өріп,
Ел алдында барлық парыз өтеліп,
«Маханбетов шапанынан шықтық» деп,
Жүрміз біздер кеудемізді көтеріп.
Бізде ер жетіп сыңар тауып үйлендік,
Бір есіктен шығатұғын күйге ендік.
Адалдықты, сыйластықты, пәктікті,
Күлжан жеңгем екеуіңізден үйрендік.
Мейірім төгіп айналаға жұлдызың,
Мұңға батып көрген емес нұр жүзің.
Еліміздің мәртебесін көтеріп
Үлестерін қосып жатыр ұл-қызың.
Қызылорда болса дағы тұрағың,
Ауыл жақтан бөлінбедің бір адым.
Шаршағанда күймен тербеп көңілді,
Мазалайсыз домбыраның құлағын.
Қуаныштан бір серпіліп бойыңыз,
Жүзеге асып жата берсін ойыңыз.
Ұлағатты ұрпақтарың аман боп
Бұл ғаламда таусылмасын тойыңыз.
Мұқтар Сақтапов,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, «Сырдария ауданының
Құрметті азаматы»

С.ЕРІМБЕТ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі