Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада кең ауқымды "REPUBLIC DAY"акциясы өтті

Қызылордада кең ауқымды "REPUBLIC DAY"акциясы өтті

Республика күні мерекесіне арналған «Republic Day» акциясы аясында қала тұрғындары үшін түрлі жеңілдіктер мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Aray City Mall» сауда және ойын-сауық орталығында мерекелік жәрмеңке өткізілсе, «Жібек жолы» мен «Қызылорда-Оптомаркет» сауда орындарында концерттік бағдарламалар мен ойын-сауық шаралары өтті. «Анвар» сауда үйінде келушілер арасында түрлі ойындар мен ұтыс акциялары ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Сондай-ақ, бүгін қалада «Halyk Mart» супермаркетінің салтанатты ашылуы өтіп, келушілерге арнайы жеңілдіктер мен дәм-татулар ұсынылды.

Барлық сауда және ойын-сауық орталықтарында Республика күніне орай тауарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер жасалып, тұрғындар үшін ерекше мерекелік көңіл-күй қалыптасты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: видео скрин
26 қазан 2025 ж. 630 0