Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 24 қазан – Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы аудан кітапханашыларын төл мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс-шараға аудан ардагерлері, кітапхана саласының майталмандары, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

А.Ибрагимұлы кітапхана саласын дамыту, кітап оқитын ұлт қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Қадірлі кітапхана саласының ардагерлері, құрметті кітапханашылар, Сіздерді Кітапханашылар күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер кітапхана саласын дамытуға, көрнекті ақын-жазушылар мен талантты қаламгерлердің туындыларын насихаттауға лайықты үлес қосып келесіздер. Ізденіске толы шығармашылық еңбектеріңізді әркез жоғары бағалаймыз және «Кітап – AMANAT» партиялық жобасын жүзеге асыруға атсалысып, қолдау білдіргендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да өздеріңізбен бірлесе мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырамыз деп сенеміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шығармашылық сәттілік пен өрлеу тілеймін!, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Мерекелік іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері М.Келдібаев, кітапхана саласының ардагері, ұзақ жыл аудандық кітапхананы абыроймен басқарған Г.Нұржакиева, аудандық кітапхана директоры А.Қонысбаев сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін білдірді. Сонымен қатар кітапханашылар мен оқырмандар, аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, өлең оқып, би биледі.

АМАНАТ
26 қазан 2025 ж. 127 0