Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Абысын тату болса ас көп

Абысын тату болса ас көп


Жақында редакцияға әуез мектебін ұзақ жыл басқарған белгілі азамат Жантемір Айсин ағамыз келді. Амандық-саулықтан кейін ел жаққа барғанын, туған жерде аунап-қунап, көптен көрмеген ағайын-туыспен арқа-жарқа болып, көңілді демдеп келгенін айтып бір қойды. Сосын қолыма бір кітап ұстатты. Кітап «Аңыз болған абысындар», – деп аталады. Авторы белгілі қаламгер Дариға Мұштанова. Атын естігенім болмаса, шығармашылығына ден қойып, танысып көрмеппін.

Кітаптың алғашқы бетінде «Айтары анық, бояуы қанық» деген жазушы Сәбит Досановтың бір үзік сыры орналасыпты. Онда былай делінеді: «... Иә, менің көзім анық жеткен, көңілім кәміл сенген, шығар күндей шындық – әйелде баланы дана, дананы бала ететін құдірет бар. Әйелсіз өмір – айсыз түн. Әлемнің кілті – әйелде. Әйелдің тілін тапқан, әлемнің де тілін табады. Қысқа қайырсақ, құдай тектес құдірет – Әйел жайлы шұрайлы шығарма бұл!» – деп тебіренеді. Демек, кітап шынында да шұрайлы, талғам таразысынан асып түспесе, кем түспейтіні белгілі. Оқу керек.
Сол деммен кітапты жарыдан аударып барып, бір-ақ тоқтадым. Тоқтамайтын да едім, сол күні газет шығатын болған соң амалсыз қойдым. Газет жұмысы аяқталған соң қайта қолға алдым. Оқиғалар желісі өзімді баурап алғаны соншалықты, өмірі өзім көрмеген үш абысынды-келінді жандардың бірі өзім сияқты күй кештім. Үш абысынның көрген қиындықтары, қуанса бірге қуанған сәттері, ұрпақтарын өсіріп, мамыражай күй кешіп, соңғы демі біткенше сыйласқандары кино лентасындай көз алдыма тұра қалды.
Ойды ой қозғайды. Кітапты оқып болғаннан кейін әттең осындай дүниелерді көптеп жазып, жастардың санасына сіңіре берсе ғой, шіркін, – дедім. Себебі, бүгінде қала тұрмақ ауылдың өзінде абысын-ажын татулығы, сыйластығы ұмытыла бастағаны ащы да болса шындық. Ене мен келін, қызы мен шешесі, көршілерімен бет жыртысқан, ақыры бітіспейтін дауға айналып, соттасып тынатындар көбейіп барады. Ондай ырың-жырың, айтыс-тартыс ортаны көріп, өскен бала қандай тәрбие көреді.
Ал, қазіргідей қазақы болмыс осындайайтыс-тартыстың шаңына көміліп қалмауы үшін бізге осындай құйқалы, айтар ойы терең, қазақы болмысты, ұлттық нақышты көрсететін шығармалар молынан керек. Және ондай дүниелер кітапхана сөресінде жатып қалмай, әлеуметтік желі арқылы, басылым арқылы оқырманға, әсіресе, жастарға жетсе екен дейміз.
«... Дариға Мұштанова шығармасының бас кейіпкерлері – «бәр-бірінен іргелері де, еншілері де айырылып көрмеген, бір үйдің үш қызындай болып кеткен үш келіншек», тату-тәтті үш абысын Сақыпжамал, Ділдә, Сақып. Үлкен абысын келмей кішілері үйдегілердің бірі де дастархан басына келмейтін, үлкендері дастарханнан тұрмай жасы кішілер орнынан қозғалмайтын, иба мен иманды, кісілік пен кішілікті бойға сіңірген, қазақы дәстүрді берік сақтаған бір ананың баласындай, бір қолдың саласындай үш абысынның бекзат бейнелері мінсіз мүсінделген бұл шығармада» – деп суреттейді жазушы. Демек, қазақы – болмыс, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, осы кітапқа негізгі арқау болғандығын ұғасың. Олай болса, кітап оқуға асығыңыз, оқырман!
С.СҰЛТАНҚЫЗЫ
22 тамыз 2018 ж. 3 903 2

Гость JeaOrer от 28 ақпан 2019 11:08
Kamagra Oral Jelly Cvs Sale Original Propecia Purchase Fedex Shipping Levaquin Low Price No Physician Approval vardenafil 20 mg.no prescription Kamagra Professional

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 12:47
Viagra Funziona Veramente viagra Where To But Viagra Without Dr. Cephalexin And Sunlight Generic Cialis 5 Mg