Шылым шегетін адамның жолдасы ұмытшақтыққа көп шалдығады
Қоғамдық ортада шылым шегіп тұрған адамның түтінінен көбіне шылым шекпейтін жандар көп зардап шегеді. Демек шылымның зияны шегіп тұрған адамның өзіне ғана емес, «кінәсіз» жанға да тиеді деген сөз. Шылымның кесірінен пайда болатын ауруларға «ұмытшақтық» ауруы да келіп қосылады.
Ғалымдардың айтуынша, жүрекке байланысты дерттер мен рактың жеңіл түріне шылдығып, ұмытшақтыққа ерте ұрынған жандардың көбі шылым шегетін адамдардың отбасынан шығады екен. Демек бұл шылым шегетін жанның отбасындағы жары мен бала-шағасына да, жұмыстағы әріптестеріне де әсері жоқ емес деген сөз. Түтін құрамындағы зиянды иістер ауаға тарағанда, не үйдегі, не кеңседегі тұрмыстық техникаларға сіңіп қалады да, қоршаған ортаға зиянын тигізуді жалғастыра береді.
Ал Нортумбрия университетінің (Northumbria University) британдық зерттеушілері шылым шегу темекіні аузына да алмайтын жолдасыңыздың ұмытшақтығына әсер ететінін айтады.
Ғалымдар өз еркімен келіскен шылым шеккіштерге тест жасап, содан қорытынды шығарады. Бірінші топқа шылым шегетін адамдардың қарапайым тобы кірсе, екінші орынға шылым шекпейтін, не шылым шегуді қойып кеткен адамдар жайғасыпты. Ал үшінші орынды өмірінде ешқашан темекі түтінін жұтып, аузына да алып көрмеген адамдар алған.
Содан соң, тест жасап алып ғалымдар шылым шегетіндер мен аузына татып алмағандарды салыстырады. Қорытындысы айтпай-ақ белгілі. Шылым шегетін адамның жанында жүрген «кінәсіз» жанның көрсеткіші жүректі ауыртады.
«Біз бұрын-соңды байқамай келген жайтқа көз жеткіздік: шылымның түтіні оны аузына алмайтындардың денсаулығына шабуыл жасауын жалғастыруда. Енді адамның есте сақтау қабілетіне тиісуді бастады. Сонымен қатар, біздің зерттеуімізге бала-шағасы мен жары бар жандардың қатысқанын баса айтып өткіміз келеді», - дейді зерттеу жұмысының төрағасы профессор Том Хеффернан (Tom Heffernan).