Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылық психологиясы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық психологиясы


Елімізде жыл сайын зорлық-зомбылық құрбан­дарының саны артуда. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы­на сәйкес: тұрмыстық зорлық-зомбылық дегені­міз отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).Тұр­мыстық зорлық зомбылықтың бір­неше түрі айқындалады: күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (неме­се) экономикалық зорлық-зом­былық түрінде болуы мүмкін. Оның ішінде психологиялық зорлық-зомбы­лыққа ерекше тоқталып өтсек.
Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның пси­хикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзы­луына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Отбасындағы әйелдерге көрсеті­летін психоло­гиялық зорлық-зомбы­лықтың белгілері:
- Сөзбен кемсіту, адамдардың көзінше немесе оңашада намысқа тиетін сөз айту арқылы қорлау;
- Жұбайының іс-әрекетіне көңілі толмау, құрмет танытпау;
- Бұйрық беру түрінде сөйлеу, дауыс ырғағының көтерілуі;
- Таусылмайтын сын-пікірлер, әрбір іс-әрекеттен мін іздеу;
- Қорқыту, оның ішінде балаларды алып қою және көрсетпеймін деп қорқыту;
- Орынсыз қызғаныш;
- Жұбайының өз сәтсіздіктеріне әйелін кінәлауы;
- Жәбірлеуші өз серігінің өмірін толығымен бақылауға алуға тырысады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық ең алдымен пси­хо­логиялық түрде пайда болады. Жәбірленуші үне­мі өзін кінәлі сезініп, қорқыныш пен үрей, өз-өзін төмен сезінеді. Психологиялық зорлық бұдан әрі күш көрсетуге яғни, ұрып соғуға ұласады. Жәбірленуші кей жағдайларда суицидтік әрекеттерге де баруы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасына біртіндеп еніп, ұзақ сақталады. Ол отбасы мүшеле­рінің қарым-қатынасын бұзып, бала­лардың психикасын зақымдайды. Зорлық-зомбылыққа шыдап отыра бермеңіз, бұл туралы айтыңыз! Үнсіз қалмаңыз!!!

С.Бишекова,
Сырдария АІІБ-нің ЖПҚ-нің
ӘЗЗҚт-ның инспекторы,
қатардағы полиция
06 желтоқсан 2017 ж. 4 481 0