Ғалымдар: Ауаның ластануы жасөспірімдердің психикасын бұзады
Ластанған ауа жасөспірімдердің психикасын бұзып, көптеген ауыр дертке шалдығуына сеп болады екен, деп хабарлайды Dayli Mail басылымына сілтеп Stan.kz.
Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары экологиясы нашар аудандарда тұратын жасөспірімдердің психикасы әлсіз болатынын анықтады.Ғалымдардың мәліметінше, ауадағы улы заттар бас миындағы нейрондық тізбектерді бұзып, салдарынан жасөспірімдер ешкімге «бағынбай кетеді» екен.
Нейробиологтардың айтуынша, ауадағы улы заттардың әсерінен бас миынының жекелеген бөліктері қабынып, адамды психоз, ұйқысыздыққа душар етеді. Сонымен қатар жастардың есірткіге әуестенуіне сеп болатын көрінеді. Бұл ретте улы заттардың 19 жасқа толмаған жасөспірімдерге әсері күшті болады екен. Олардың миына ауадағы қорғасын теріс әсер етеді.
Ғалымдардың мәліметі бойынша, ауадағы зиянды заттар ақыр соңында әлеуметтік жағдайға да ықпал ететін көрінеді. Ауасы лас жерлерде тұратын жасөспірімдер экологиясы таза аудандарда тұратын жасөспірімдерге қарағанда, жиі қылмыс жасайды екен.