Ұзақ өмір сүрудің қарапайым құпиясы
Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары адамның өмір сүру мерзімі ауаның ласатану деңгейімен тікелей байланысты екенін анықтады. Ауа құрамындағы қатты денелердің көбеюі адамның ауруларын асқындырып, өлім қаупін тездетеді.
АҚШ зерттеушілері 1990 – 2012 жылдар арасында атмосфераның беткі қабатындағы аэрозоль концентрациясының өзгеруін зерттеді. Олар ауаның ластануы жүрек-қан тамырлары және тыныс жолдары ауруларына алып келетінін анықтады.Соңғы жылдары орман өрті көп болғанына қарамастан, ауаның ластану деңгейі азайды. Бірақ органикалық аэрозоль көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге көбейді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл адамдардың кез келген себеппен, мезгілсіз қайтыс болуын жиілетеді.
Америкалық сарапшылардың пікірінше, қоршаған ортаның, яғни судың, ауаның ластануы соғыс, зорлық-зомбылық және аштыққа қарағанда адамдардың өмірін көбірік алады. Қаланың ауасы балаларға өте зиян. Сондықтан, саябаққа, тыныш және таза жерлерге барып серуендеу керек.