Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртазаев Талғат Мейрамханұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді. Атап айтқанда: «Спорт және туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы» (баяндамашы Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г. Калменова); «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша атқарылған шаралар туралы» (баяндамашы Сырдария аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ж. Жұмабаева); «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасының іске асырылуы туралы» (баяндамашы Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Т.Нұрмағанбетов).

"Сыбайлас жемқорлық – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Бұл құбылыс спорт және туризм сияқты елдің имиджіне, денсаулық пен мәдени дамуына тікелей әсер ететін салаларда да кездесіп отыр. Сондықтан бұл бағытта жүйелі және тиімді күрес шараларын ұйымдастыру аса маңызды екендігін және жалпы, барлық салада қолға алынған кешенді шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, халық сенімін арттыруға және әділетті қоғам құруға бағытталған", – деді Талғат Мейрамханұлы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Нұртазаев комиссия мүшелеріне тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 қыркүйек 2025 ж. 34 0