Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің С. Сейфуллин атындағы № 4 ақпараттық технология мектеп-лицейінде, Кызылорда облысының Полиция департаменті жанындағы Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құрбаны деп танылған адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, Қызылорда облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері хабарлама жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып келеді.
18 қыркүйек 2025 ж. 343 0