Вакцинация туралы не білеміз?

Екпе – бала күтіміндегі ең маңызды сұрақтардың бірі. Өкінішке орай, ата-аналардың көпшілігі қандай ауруларды алдын-алуға болатынын, сонымен қатар, қашан және қай уақытта жоспарлы екпені алуға болатынын білмейді. Осыған байланысты жоспарлы екпенің уақыты жақындаған кезде ата-аналардың екпенің қауіпсіздігі туралы қорқыныштары пайда болады. Екпе алу арқылы адам ағзасында кейбір ауруларға деген жасанды иммунитет пайда болады.
Қазақстан Республикасында халықаралық алдын алу екпелерінің күнтізбесі бар. Бұл құжатта екпенің түрі мен егілу уақыты нақтыланған. Екпе алу уақыты бала ағзасының иммундық жауабының толық жүзеге асырылу мүмкіндігіне байланысты. Екпе күнтізбесіндегі барлық екпелер ақысыз түрде жүргізіледі. Вакцинация – балалар мен халықты көптеген жұқпалы аурулардан қорғайтын ең тиімді жол. Вакцина инфекциямен қатынаста болған кезде микроорганизмдердің дамуына тосқауыл болатын қорғаныш антиденелерді шығарады. Сол кезде ауырған жағдайдың өзінде, ауру жеңіл түрде өтеді. Вакцинация арқылы әр түрлі инфекциялық аурулардың санын азайтуға, ал кейбір ауруларды мүлдем жоюға болады, – дейді сала маманы.