Ұлт саулығы – ел болашағы
Нағи Ілиясов ауылының №132 мектебінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Ұлт саулығы – ел болашағы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.Шараның мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру, жалған мифтерден арылту, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараға Жастар денсаулық орталығының психологы Тажибаева Назира, Салауатты өмір салты кабинетінің маманы Тұрлығұлова Динара және АИТВ мәселелері бойынша кабинет маманы Әбдіқалық Бекарыс қатысып, оқушыларға профилактикалық маңызы жоғары кеңестер берді. Мамандар АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, ерте анықтаудың маңызы туралы толық ақпарат ұсынды. Шара соңында оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға, олардың дұрыс таңдау жасап, жауапты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосады.
Ұлт саулығы – жарқын болашақтың кепілі!
@актуальное










