ӨЗ СТАТУСЫҢДЫ БІЛ!

АИТВ берілуінің негізгі жолдары – қорғалмаған жыныстық қатынас, шприцтерді, инелерді және басқа егу құралдарын қайта қолдану, пирсинг және татуировкаға арналған зарарсызданбаған құрал-жабдықтарды қолдану, қырыну құралдарын, қан қалдықтары бар тіс щеткасын қолдану. АИТВ-ның тағы бір жұғу жолы жүктілік кезінде босану немесе емізу кезінде оң нәтижелі АИТВ анадан балаға берілу.
АИТВ-ға тестілеу және кеңес беру алдын алудың, күтімнің және емдеудің маңызды шараларына жатады. АИТВ тестілеу өз еркіңмен болуы керек. АИТВ тестінің артықшылығы белгілер пайда болғанға дейін емделуге шаралар қолдана аласыз және өз өміріңізді ұзартуға, асқынулардың дамуын бірнеше жылдар бойына тоқтатуға мүмкіндік туады.
Г. ЖАНАЛИЕВА,
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-ның Сырдария ауданы бойынша маманы.
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-ның Сырдария ауданы бойынша маманы.