Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туралы ақпарат берілді

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туралы ақпарат берілді

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы мен Сырдария аудандық ауруханасының «Жастар денсаулығы бөлімінің» ұйымдастыруымен «АИТВ және оның алдын-алу шаралары» тақырыбынды дәрістер өткізілді.

Шара барысында «Жастар денсаулығы бөлімінің» дәрігері А.Байниязова «АИТВ және алдын-алу шаралары» туралы дәріс оқып, жұқпалы ауруларудың себеп-салдары туралы және АИТВ-нің алдын алу және болдырмау бойынша кеңестер мен жұқпалы аурудың қауіпі туралы ақпараттар беріліп, танымдық материалдар таратылды.
 
– Қазіргі қоғамда сан түрлі жағдайлар кездеседі. Дертті болған кісілер  «АИТВ жұқтырып алғандығын жасырады Сосын өзге біреулерге жұқтыру қаупі жоғары болады. Кез келген уақытта аталған дерттен сақтану жолдары  мұқият назарда ұстауымыз керек, – дейді сала маманы.

Дәріс алушыларға АИТВ инфекциясының зияндылығы түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстау қажеттілігі жеткізілді. Сонымен бірге аталған дерт бойынша әлемдегі ахуал зерделенді.

Болашақ – сау ұрпақтан бастау алуы қажет! Жас ұрпақтың арушаңдық хәлге ұшырауы жол бермейміз. Алдағы уақытта мұндай игі іс-шаралар жалғасын табатын болады. Өйткені, жастарды түрлі сырқатқа байланысты сауаттандыру маңызды рөл ойнайды.


Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
21 қараша 2022 ж. 475 0