Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ДЕРТПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ДЕРТПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Бұрнағы күні аудан әкімдігінің қолдауымен, мәдениет үйінде «Өз статусыңды анықта!» ұранымен «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы!» тақырыбында кең ауқымды акция өткізілді.
Акцияның басты мақсатына тоқталар болсақ, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру және денсаулықты сақтау тәртібін қалыптастыру болып табылады. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, одан сақтану шараларын жастар мен жасөспірімдер, халық арасында кеңінен насихаттау басты талап. Салауатты өмір салты дағдысын ұстану, АИТВ (ВИЧ) жұқтыруға кедергі келтіретін мінез-құлық стереотипін қалыптастыру негізгі міндет екені мәлім. Акцияда Сырдария аудандық емханасы бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Ә.Іскендірова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Б.Қарымсақова сөз сөйлеп, қазіргі таңда аталмыш дертке байланысты жасалып жатқан жұмыс жайында айтты. Өз кезегінде жыл бойына белсенділік танытқан білім ошақтары мен жекелеген тұлғаны марапаттады.
Шара барысында мектеп оқушылары мен белсенді жастар дертке қарсы сан түрлі көрініс қойып, ән шырқады. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын аудандық емхана дәрігерлері тексеріп, денсаулығына байланысты кеңес берді.

Б.ОРДАБЕКОВ
15 желтоқсан 2018 ж. 1 025 0