Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Азаматтардың банкроттығында қандай өзгеріс бар?

Азаматтардың банкроттығында қандай өзгеріс бар?

Елімізде 2026 жылдың 19-нау­рыздан бас­тап, «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Бұл түзетулер жүйелі реформадан гөрі, тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған.

Ең маңызды өзгерістердің бірі – ломбардтар алдындағы міндет­темелерді соттан тыс банкроттық рәсімінен алып тастау. Бұрын азаматта ломбардтағы қарыз болса, ол рәсімді қолдануға кедергі келтіретін. Енді бұл шектеу жойылды. Себебі ломбард қарыздары кепілмен қам­тамасыз етілген, яғни тәуекелдің бір бөлігі кепіл мүлкін сату арқылы жабылады деп есептеледі. Практикада бұл бұрын бас тартылған көптеген азаматтарға қайтадан мүмкіндік береді.

Жаңа түзетулер белгілі бір санаттағы істер бойынша рәсім мерзімін айтарлықтай қысқартты. Егер қарыз сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, төлем мерзімі 5 жылдан астам кешіктірілсе, онда соттан тыс банкроттық рәсімі 1 ай ішінде аяқталуы мүмкін. Бұрын рәсімнің жалпы мерзімі 6 айға дейін созылатын. Бұл өзгеріс экономикалық тұрғыдан қайтару мүмкіндігі жоқ қарыздарды жедел жабуға бағыт­талған.

Жалпы алғанда, енгізілген өз­герістер рәсімді жеңілдетуге және оны қолдана алатын азаматтардың санын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, формальды бас тарту негіздері қысқартылды. Техникалық кедергілер жойылды. Өтініштерді қарау тәртібі икемдірек болды. Сонымен қатар мемлекет тарапынан бақылау да күшейтілуде. Уәкілетті органдар борышкердің адалдығын, кірістерін және қаржылық мінез­құлқын мұқият тексереді. Бұл – рәсім жеңілдегенімен, теріс пайдалану тәуекелдерінің алдын алу мақсатында талаптардың іс жүзінде қатаңдай түскенін білдіреді. Бұл өзгерістерді түбегейлі реформа деп айту қиын. Алайда олар практикада жиі кездесетін нақты мәселелерді шешеді. Негізгі нәтижелер: соттан тыс банкроттыққа қолжетімділік артты; кейбір істер бойынша мерзімдер қысқарды; формальды бас тартулар азайды; сонымен қатар бақылау деңгейі күшейді.

2026 жылдың 19 наурыздағы өз­герістер жеке тұлғалардың бан­к­роттығы институтын біртіндеп же­тілдіруге бағытталған. Заң шы­ғарушы бір жағынан рәсімді қолжетімді етуді көздесе, екінші жағынан адал емес әрекеттердің алдын алуға тырысады. Сондықтан практикада жұмыс істейтін мамандар үшін клиенттің қаржылық жағдайын алдын ала дұрыс талдау бұрынғыдан да маңызды. Себебі талаптарға формальды сәйкестік болғанның өзінде, тексеру нәтижесінде бас тарту қаупі сақталады.

Ж.МҰСАЕВА,
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
13 мамыр 2026 ж. 65 0