Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Шағанда жүгері егілуде

Шағанда жүгері егілуде

Егістік басын аралап жүріп, жолсерігім, «Шаған-жер» ЖШС-і төрағасының орынбасары Жамбыл Тәуекелов: «Бізде жақсы жаңалық бар» деп әңгімесін бастады. Мен таңырқап қарап қалған едім. Бір кезде ол «Биылдан бастап жүгері егуді қолға алып жатырмыз. 300 гектар жер дайын. Қазіргі уақытта егістік басында жетекшілік етіп тұрған ауыл шаруашылығы саласының майталманы Әбдікәрім Серікбаев ағамыз» деген Жакең бізге сол жаққа қарай жол бас­тады.

Аудан жұртшылығына Кәміш ағай ретінде танылған білікті маман жүгері тұқымын сеуіп жатқан ауыр техника жүргізушісіне бағыт-бағдар беріп тұрғанын аңғардық. Өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында агрономмен кеңесіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үстінде. Жүгері дақылын егетін жер күзде және көктемде жыртылатыны мәлім. Содан кейін лазерлік тегістеу жұмысы жүргізіледі. Шаруалар жердің табанына су жіберіп, кеуіп кетпей тұрғанда жүгері тұқымын орналастырады. Біз осы сәтке тап болдық. Жүгері екі құлақ болып шыға бастағанда арнайы техниканың көмегімен түбін көму жұмысы жасалады екен.

– Шаруалар үшін күн райы кейде қолайлы, кейде қолайсыз болатыны жасырын емес. Жалпы алғанда, жүгері егу – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды науқанның бірі. Бұл дақылдың өнімді болуы жерді дұрыс дайындау мен агротехникалық талаптарды сақтауға тікелей байланысты. Сондықтан көктем басталысымен жер жырту, тегістеу, тұқым дайындау жұмыстары толық жүргізіледі. Жүгері – күтімді көп қажет ететін дақыл. Уақытылы суару, тыңайтқыш беру және зиянкестермен күресу жұмыстарын жүйелі атқарғанда ғана мол өнімге қол жеткізуге болады. Бүгінде «Шаған-жер» шаруашылығында заманауи техниканың көмегімен егін егу жұмысы жеңілдеп, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік туып отыр. Әсіресе, сапалы тұқым таңдау мен су үнемдеу технологиясын қолдану – уақыт талабы. Жүгері мал азығының негізгі қоры болғандықтан, бұл дақылға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұдан бөлек, арнайы зауыт салынып жатқаны белгілі. Ең бастысы, еңбекке деген жауапкершілік пен бірлік бар жерде береке болады. Диқандарымыз әрдайым елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Сондықтан жүгері шаруашылығын дамыту – ауыл экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлкен септігін тигізеді деп есептеймін, – дейді Әбдікәрім Серікбаев.

Иә, жүгеріні терең өңдейтін зауыттың құрылысы, оның қалай жұмыс жасайтыны туралы жазған едік. Сол жүгерінің егістікке егілу технологиясына да тереңнен қанықтық. Жоғары сұрыпты, сапалы жүгері тұқымы арнайы дайындалған жерге себілгенде асқан ыждағаттылықты талап етеді. Мамыр айының аяғында алғашқы шығымы көріне бастайтын жүгері егісінде қамыстың кедергі келтіруі қолды көп ұстайды. Мұндайда шаруалар егістік басында тынымсыз еңбек етіп, мол өнім алу үшін барлық жағдайды жасайды.

Бұл ретте, заманауи техниканың барлық функциясын дұрыс пайдаланбаса, жұмыс өнімділігі азая береді. Техниканың жаңа тәсілге бейімделуі шаруалар үшін үлкен ізденісті қажет етеді. Мұндайда шаруашылық төрағасы Жеңісбек Сыздықов маман дайындауда Әбдікәрім Серікбаев секілді майталмандарға арқа сүйейді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

13 мамыр 2026 ж. 81 0