Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Чемпион – механизатор

Чемпион – механизатор

Даланың тынысын тереңнен түсінген механизатор қатарында Ербол Шаңғұтов бар. Өткен жылы жоғары табысқа қол жеткізіп, мол өнім алған диқан жүгері егу ісіне аз уақыт ішінде машықтанып алған. Әрине, диқаншылықтың нағыз қызатын шағы – көктемгі егіс пен күзгі орақ науқаны десек, механизатор егістік басында дамылсыз жұмыс жасауда. Бұған дейін жер жыртып, тұқым сеуіп, егін суаруға атсалысқан сала маманы өз ісіне дағдыланған.

Осыдан 53 жыл бұрын Шаған ауылында дүниеге келген механизатор заманауи техника­ларды меңгеріп, олардың күтімін жасап, ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге кірісіп кеткен. Отыз бес жыл бұрын еңбек жолын бастаған Ербол Серікбайұлы үшін әрбір жұмыс күні жа­уапкершілікке толы. Беларусьтен бастап, ХТЗ, К-700 тракторларын тізгіндеген ке­­­йіпкеріміз таң­ер­теңнен егістік басынан табылады.

– Біз сияқты ме­ханиза­торлардың еңбегі – тек техника жүргізу емес. Бұл – төзім мен табандылықты, еңбекке адалдықты қажет ететін кәсіп. Аптап ыстықта да, күзгі салқында да дала төсінде жүріп, елдің ырысын еселеуге үлес қосып жүрген еңбек адамдарының маңдай тері әрдайым құрметке лайық. Әсіресе, күрішті аймақ саналатын Сыр өңірінде механизаторлардың еңбегі ай­рықша бағаланады. Себебі біз жердің бабын тауып, техниканы тиімді пайдалану мол өнімнің басты кепілі са­наймыз. Егіс алқабындағы әрбір өнімнің артында өзім секілді әріп­тестерімнің ты­нымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігі жатыр. Қазіргі уақытта «Шаған-жер» ЖШС-інде өзім секілді тә­жірибелі механизаторлар жас мамандарға бағыт-бағдар бе­ріп, өз тәжірибелерімен бө­лісіп ке­леді. Бұл – еңбек са­бақ­­тас­тығының жарқын кө­рінісі. Өйткені ауыл шаруа­шылығының болашағы – білікті мамандардың қолында екенін ұмытпағанымыз жөн. Шаған ауылында туып, туған жердің өркендеуіне үлес қоса білсек қуана білеміз. Өткен жыл­дың қорытындысымен чем­пион атанып, мерейіміз та­сыды. 85 центнерден өнім алып, еңбегіміз ақталды. Бұ­ның барлығы – ұжымдағы бір­ліктің арқасы деп білемін, – дейді механизатор.

Әрине, жаңа істің басында Ерекең секілді меха­низатордың жүруі – заңдылық. Күріш егумен аты шыққан кәнігі маман алдағы уақытта жүгері дақылынан чемпион болуға үмітті. Ауыр техниканың тілін тапқан Ербол Серікбайұлы бұ­рынғыларға қарағанда, қа­­зір­гілердің жұмыс өнім­ділігінде айырмашылық болатынын алға тартады. Отбасында балаларына еңбекпен тапқан нанның қадірін үйретіп келе жатқан механизатордың әрбір ісі – кейінгі жастарға үлгі екенін ұмытпаған абзал.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
13 мамыр 2026 ж. 71 0