Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы
2022 жылдың 30 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қабылданды. Аталған Заңның негізгі мақсаты –азаматтардың қарыздық жүктемесін азайту, өнімді экономикалық қызметке оралу, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету, қарыздарды төлеуді ынталандыру болып табылады.
Заң 3 рәсіммен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
Соттан тыс банкроттық;
Сот банкроттығы;
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс банкроттық бойынша
Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктералдындағы берешектер бойынша ғана қолданылады.
Шарттары:
Борышкердің берешегі 1 600 АЕК-тен (3450 * 5 520 000 теңге) аспауы және 12 айдан артық өтелмеген болуы керек.
Мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктері (жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) болмауы қажет (ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді).
Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді) тиіс.
Ерекше шарттары:
6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін - борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді.
Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді.
Сот банкроттығы бойынша
Сотпен қарастырылады (өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі).
Шарттары:
Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша қолданылады.
Нені білу керек:
Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады;
Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы;
Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді;
Қаржы басқарушысы тағайындалады;
Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ);
Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай.
Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:
Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады;
Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Сотпен қарастырылады (өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі).
Шарты:
Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспауы тиіс.
Сауықтыру шаралары:
Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру;
Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.
Артықшылықтары:
Теріссалдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несиеалуғашектеулержоқ);
Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін);
Шетелге шығуға шектеу жоқ;
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі;
Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.
Банкроттық рәсімін қолдану салдары:
Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады;
Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады;
Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.
Банкроттық өтініштер 2023 жылдың наурыз айынан бастап қабылданады.
Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы