Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Нағи Ілиясов ауылындағы нысандарды аралады

Нағи Ілиясов ауылындағы нысандарды аралады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы дәрігерлік амбулатория және күріш зауытының жұмысымен танысты.

Заманауи талаптарға сай келетін нысанда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетілуде.

Бүгінде дәрігерлік амбулаторияда ауыл тұрғындарына 12 медицина қызметкері қызмет көрсетіп, 10 жатын орынмен қамтылған. Медициналық нысан заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізу және жоспарлы ем-шаралар жүргізу жұмыстары жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, аудан басшысы ауылдағы күріш зауытының өндірістік қызметімен танысты. Кәсіпорында егін алқаптарынан жиналған күріш өнімі қабылданып, өңделіп, дайын өнім ретінде шығарылуда. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Күріш зауыты ауыл тұрғындарын тұрақты және маусымдық жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуде.

Аудан әкімі сала басшыларына медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру, өндіріс тиімділігін күшейту және еңбек қауіпсіздігін сақтау бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 ақпан 2026 ж. 171 0