Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлік амбулатория жұмысын жетілдіруді тапсырды

Дәрігерлік амбулатория жұмысын жетілдіруді тапсырды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны аралап, медициналық қызмет сапасына және ғимараттың жай-күйіне мән берді.

2023 жылы күрделі жөндеуден өткен, заманауи талаптарға сай келетін нысанда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетілуде.

– Ауылдық елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуы маңызды. Медициналық қызмет көрсету барысында алдын алу шараларына басымдық беріліп, тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Қазіргі уақытта дәрігерлік амбулаторияда ауыл тұрғындарына 8 медицина қызметкері қызмет көрсетуде. Медициналық мекеме 5 жатын орынмен қамтылған және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

Аудан басшысы тиісті сала мамандарына ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін, жұмысты жетілдіруді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 ақпан 2026 ж. 34 0