Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жағдайы тексерілді
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлымен бірге Іңкәрдария ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап, ғимараттарының техникалық жағдайына, санитарлық талаптардың сақталуы және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын бақылады.Алдымен, елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияны аралап, медициналық қызмет сапасын бағамдады. 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимараттың сапасын қарап, кабинеттердің жасақталуы, күтіп ұстау жөнінде ескертпелер берді.
Мұнан соң ауылдық мәдениет үйіне барып, үйірмелер жұмыстарын көрді. Мәдени нысанда үйірмелерді көптеп ұйымдастырып, балалардың шығармашылықпен айналысуына барлық мүмкіндікті қарастыру керектігін атап өтті.
№191 мектепті аралау барысында ғимаратты күрделі жөндеуге қатысты тиісті шараларды қабылдау керектігін айтып, жылу қазандығын тексеріп көрді және мәселе туындамау керектігін ескертті.
Тиісті сала басшыларына ғимаратты күтіп ұстап, кемшіліктер орын алмау керектігін қатаң тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі












