Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » » Бесарықтық «Гүлсара» би тобының жарқын жетістігі

Бесарықтық «Гүлсара» би тобының жарқын жетістігі

Бесарық ауылдық мәдениет үйі жанынан ашылған "Гүлсара" би үйірмесінің алғашқы жетекшісі марқұм Гүлсара Байғабылова ауылдағы жас өнерпаздарды кәсіби тұрғыда би өнеріне баулыған нағыз өз ісінің шебері еді. Міне, соңғы жылдары өзі өнерге баулыған өнерпаздар ауылдың атын республика көлемінде шығарып, өнер атты ғажайып әлемде өз орындарын алып та үлгерді.

Қазіргі уақытта топтың биші қыздар түрлі байқауда топ жарып, өнер иесіне деген құрметі ретінде өнерге деген шексіз сүйіспеншілігін көрсетіп келеді. Жақында жарқын жетістікке жеткен бесарықтық өнерпаздар республикалық байқаудың бірінші орын жеңімпазы атанды.

«Гүлсара» би үйірмесінің мүшелері «BI – FEST» Республикалық фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Фестиваль аясында өздерінің ұлттық дәстүрін, салт-санасын және мәдени құндылықтарын бейнелейтін әртүрлі ұлттың би қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды.

Би үйірмесінің екі тобы фестивальде «Өзбек» және «Заманауи биін» алып барып, көрермен қауымды бірден баурап алып, олардың жүрегіне жылы сезім ұялатты.

Байқау қорытындысы бойынша "Заманауи" би бірінші орынды, "Өзбек" биі екінші орынды иеленді. Жас өнерпаздарды жарқын жетістігімен құттықтаймыз!

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
03 ақпан 2026 ж. 243 0