Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Шағын кәсіпкерлік жүйелі даму үстінде

Шағын кәсіпкерлік жүйелі даму үстінде

Ауданның көркейіп өркендеуі шағын кәсіпкерліктің қарқын алып дамуында. Екі қолға бір күректің орнына сырдариялық жұмыссыздар жаңа кәсіп ашуда. Кәсіпкерлігі өркен жайған ауданда өткен жылы «Ұлттық жоба» шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында 129 адамға 203 млн теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілген. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 5,7 млрд теңгені құрайтын 199 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы құны 58 млн теңгенің 8 жобасы, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 206 млн теңгенің 19 жобасы қаржыландырылды.

Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 3,7 млрд теңгенің 21 жобасы қолдау тапса, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы арқылы құны 1,3 млрд теңгеге 21 ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтары алынды. Өңірлік пул аясында құны 35 млн теңгеге Қалжан ахун ауылындағы жылыжай құрылысы іске қосылды. Жылыжайдан кәсіпкер қияр мен қызанақ егіп, мол өнім алды.

Қазіргі таңда өз қаражаты есебінен өнімдерді өңдеу цехы мен қойма құрылысын салуда. Ал Тереңөзек кентінде құны 50 млн теңгені құрайтын наубайхана жұмысын жүйелі істеп келеді. Бүгінде наубайханада күніне 500 дана нан, әртүрлі кондитер өнімдері өндірілуде.

Г.ТАБЫНБАЙ
Фото: Ашық дереккөзден
03 ақпан 2026 ж. 288 0